Елордада «Сүндет-2021» акциясы өтіп жатыр

29 Мамыр 2021, 15:42
4423
Бөлісу:
Елордада «Сүндет-2021» акциясы өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық емханаларда «Сүндет-2021» акциясы аясында әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың мүгедек балаларына сүндетке отырғызу рәсімі тегін жасалды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Сондай-ақ созылмалы ауруға шалдыққан  және толық емес отбасылардың ұл балалары ерекше назарға алынды.

Сүндеттеуді уролог және өз ісінің шебері, Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов және №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының жоғары білікті мамандары жасады. 

Бұл біздің екінші ұлымыз, 3 жаста. 10 күн бұрын баламызға дәстүр туралы көп айтып, моральды тұрғыдан дайындағанбыз, нағыз жігіт болады деп сендірдік. Ұйымдастырушылар мен емхана басшылығына алғыс білдіреміз. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған іс-шара, барлығы қарастырылған, - деді сүндетке отыратын баланың анасы Ляззат Айтуғанова.
Жыл сайынғы акцияның мақсаты - көпбалалы және толық емес отбасылардан шыққан мүгедек және созылмалы аурулары бар балаларға әлеуметтік көмек көрсету . 

Акция аясында бұл медициналық қызмет жыл сайын ақысыз түрде жүзеге асырылады. Сүндеттеуді қалалық №9 емханада хирургтар мен урологтар өткізді. Бұл жерде 2-5 ота жасау кабинеттері ұйымдастырылған.


Өзгелердің жаңалығы