Елордада суағарларды тазалап жатыр

13 Мамыр 2021, 20:51
1713
Бөлісу:
Елордада суағарларды тазалап жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК қызметкерлері нөсер кәріздері мен Сарыарқа ауданының арық-науа желілері бойынша жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Кәсіпорынның иелігінде "Сарыарқа" ауданының арық-науа желісінің 16300 м.б. бар. Қазіргі уақытта арықтың бәрі тазаланды.

Бүгінге дейін мына көшелердегі желілер тазаланды: Фахд бен Абдулла Азиз көшесі, Гагарин көшесі, С.Мұхамеджанов көшесі, Шақпақ көшесі, Жәлел көшесі, Үшқара көшесі, Бұланты көшесі, Алқатерек көшесі, Конституция көшесі, Қазығұрт көшесі, Жалын көшесі, Дулатов көшесі, Қырыққас қысқа көшесі, Құрақты көшесі, Сүмбе көшесі, Чехов көшесі, Бөкеев көшесі, 8 наурыз көшесі, Әулие ата көшесі, Ойжайлау көшесі, Жерұйық көшесі, Тамшалы көшесі, Жалаулы орамы, Петров көшесі, Дулатов көшесі, Көктал көшесі, Оқжетпес көшесі, Майқұтов көшесі, Мыңарал көшесі, Затаевич көшесі, Берел көшесі, А. Герцен көшесі, Павлов көшесі, Саққорған көшесі, Аспара көшесі.

Еріген қар және жаңбыр суын өткізу үшін Жалын, Чехов көшелеріндегі құбырлар ауыстырылды.

Сондай-ақ, Д. Бабатайұлы көшесіндегі жарылған коллектордың бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бұл бағыттағы жұмыстар ары қарай да жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы