Елордада сорғы-сүзгі станциясының құрылысы басталды

29 Мамыр 2022, 06:25
1329
Бөлісу:
Елордада сорғы-сүзгі станциясының құрылысы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында өткен жылдан бастап сорғы-сүзгі станциясының құрылысы басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қала тұрғындарының жыл сайын өсіп келе жатқанын ескерер болсақ, инженерлік желілерге де түсетін күш артып келеді. Алдағы уақытта жаңа аудандарды ауыз сумен қамтамасыз ету және қазіргі қуатын арттыру үшін өткен жылдан бастап сорғы-сүзгі станциясының (ССС-3) құрылысы басталды. Қаланы аралау кезінде ССС-3 құрылысының барысымен таныстым. Нысан ішінара осы жылдың соңына қарай пайдалануға беріледі, ал 2023 жылдан бастап жаңа ССС-3 жұмысының қуатын арттырамыз. Мәселен қазір тәулігіне 300 мың текше метр тұтынатын болсақ, ССС-3 қуаты тәулігіне қосымша 100 мың текше метрден асады.

Сол сияқты жаңа аудандарды жылумен қамту үшін ЖЭО-3 құрылысын қайта бастадық, жергілікті 3 газ қазандығын жобалау жұмысы жүріп жатыр. Сондай-ақ кәріз тазарту құрылысын (КТҚ-2), «Арай», «Жұлдыз» және т.б. қосалқы станцияларды жобалау және реконструкциялау жұмысы қолға алынды.

Маңызды мәселелердің бірі – газдандыру. Алматы және Сарыарқа аудандарын толықтай көгілдір отынға қол жеткізумен қамтамасыз еттік. Ол үшін 680 км-ден астам газ тарату желісі салынды.

Байқоңыр және Есіл аудандарына газ құбырының құрылысына кірістік, – деп жазды елорда әкімі.

Биыл наурыз-сәуір айларында Кентау қаласында 19 көшеге шұңқырларды жамау, жаяу жүргіншілер өткелдерін жаңарту жұмысы жүргізілді.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Қарнақ ауылындағы 10 көшені орташа жөндеуге республикалық бюджеттен 87,2 млн.теңге қаржы қаралған. Сондай-ақ, субвенция есебінен қаланың 7 көшесіндегі жалпы 3 шақырым жолға орташа жөндеу жұмысын жүргізу көзделіп отыр.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 12,7 шақырымды құрайтын 29 көшені орташа жөндеуден өткізу жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы