Елордада "Соғыс туралы естелік кітабының" тұсаукесері өтті

29 Сәуір 2025, 18:04
455
Бөлісу:
Елордада "Соғыс туралы естелік кітабының" тұсаукесері өтті
PHOTO
Фото: Арман Мухатов

Елордада Президенттік орталықта Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 80 жылдығына арналған "Ұлы Жеңіс мәңгілік жадымызда" атты салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәдени іс-шара ҚР Президентінің Іс басқармасына қарасты Президенттік орталығы мен М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің еліміздегі филиалының мұрындық болуымен ұйымдастырылды.

Жиын барысында студенттердің бастамасымен жарық көрген "Соғыс туралы естелік кітабының" үшінші басылымының тұсауы кесілді.

Елордада "Соғыс туралы естелік кітабының" тұсаукесері өтті
Елордада "Соғыс туралы естелік кітабының" тұсаукесері өтті

Ұлы Отан соғысына менің 3 атам қатысқан. Бұл естеліктің бәрін сақтап, жас ұрпаққа қалдыру керек деп есептеймін. Солардың бірі – Гатият Саитов КСРО-ның батыс бөлігін, Заполярье, Финлиндияда соғысып, майдан жолын Норвегияда аяқтаған екен. Өз басым қатты қызығушылық танытып, Норвегияның архивін ақтардым. Атам туралы нақты ақпаратты білдім. Бір қызығы, атам 10 жыл бойы Норвегиядан бастап ол Санкт-Петербургтен Владивостокқа дейін телефон желісін орнатуға атсалысқан, - деп ағынан жарылды М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің 2-курс студенті Арсен Әбдіразақов.

Кешке құрметті қонақ ретінде "Естелік кітабында" есімдері аталған ардагерлердің туысы шақырылды. Сондай-ақ мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, дипломатиялық қауымдастық мүшелері, елордалық жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты.

Президенттік орталық ұйымдастырған ҰОС жылдарында жазылған шығармаларды насихаттау мен тарихи жадыны сақтау мақсатында "Жеңіс дауысы" музыкалық-поэтикалық челленджінің қатысушылары өнер көрсетті.Кездесу соңы "Жеңіс дауысы" музыкалық-поэтикалық челленджінің қатысушылары өнер көрсетті.

Елордада "Соғыс туралы естелік кітабының" тұсаукесері өтті
Елордада "Соғыс туралы естелік кітабының" тұсаукесері өтті
Елордада "Соғыс туралы естелік кітабының" тұсаукесері өтті
Елордада "Соғыс туралы естелік кітабының" тұсаукесері өтті
Елордада "Соғыс туралы естелік кітабының" тұсаукесері өтті
Елордада "Соғыс туралы естелік кітабының" тұсаукесері өтті
Елордада "Соғыс туралы естелік кітабының" тұсаукесері өтті
Елордада "Соғыс туралы естелік кітабының" тұсаукесері өтті
Өзгелердің жаңалығы