Елордада Сирия бойынша халықаралық кездесу өтіп жатыр

1 Тамыз 2019, 17:35
2005
Бөлісу:
Елордада Сирия бойынша халықаралық кездесу өтіп жатыр

Алматы, BAQ.KZ. Елордада Сирия мәселесі бойынша Астана процесінің XIII раунды өтіп жатыр, деп хабарлады «Хабар 24». 

Алқалы жиынға кепілгер елдер Түркия, Иран және Ресейден өкілдер шақырылған. Сондай-ақ Сирия режимі мен қарулы оппозициялық топтардың делегаттары да бар. 

Ливан және Ирак тарапы алғаш рет бақылаушы ретінде қатысуда. Келіссөздің бәрі жабық есік жағдайында өтіп жатыр. Бүгін екіжақты және көпжақты кеңестер болады. Кешкісін Ресей президентінің Сирия бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне сұхбат бермек. 

Негізгі пленарлық отырыс ертеңге жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы