Елордада Сирия бойынша келіссөздер өтіп жатыр

21 Маусым 2023, 14:10
758
Бөлісу:
Елордада Сирия бойынша келіссөздер өтіп жатыр
Фото: автордан

Елордада Астана форматында Сирия бойынша жоғары деңгейдегі кезекті 20-шы халықаралық кездесу өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Келіссөзге кепілгер елдер — Ресей, Түркия және Иран делегациялары, сонымен қатар Сирия үкіметі мен сириялық оппозиция өкілдері қатысуда.

Кеше басталған келіссөздерге байқаушы елдер де келген. Олардың қатарында БҰҰ, Иордания, Ирак пен Ливан өкілдері бар.

Келіссөздің негізгі күн тәртібі салмақты. Онда Сирия төңірегіндегі өңірлік ахуал, ондағы өзгерістер, терроризмге қарсы күрес, сенім шаралары сынды мәселелер қамтылған.

Еске сала кетейік, бұған дейінгі Сирия бойынша кезекті 19-шы кездесу былтыр 22-23 қарашада Астана қаласында өткен болатын.

Өзгелердің жаңалығы