Елордада курорттық емделуге жазылу басталды

5 Қаңтар 2020, 10:36
5008
Бөлісу:
Елордада курорттық емделуге жазылу басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы бірнеше санаттар бойынша шипажайлық-курорттық емделуге жазылу басталғандығын жазды. Бұл туралы Елорда Инфо хабарлады.

Шипажайлық-курорттық емделуге жазылу мүгедектер, мүгедек балалар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдар, жасы бойынша зейнеткерлер санаттары бойынша ашылды, - делінген басқарманың хабарламасында.
Жазылу sankur.astana.kz сайтында халыққа қызмет көрсету орталықтарымен берілетін электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырылатын болады.

Қаңтар, ақпан, наурыз айларына адамдарды тіркеу 2020 жылдың 5 қаңтарынан бастап жүзеге асырылады. Келесі айларға жазылу туралы кейінірек хабарланатын болады.

Анықтама телефондары: 55-68-22, 55-68-34, 55-68-45, 55-68-40; 87056450638, 87056450653, 87056450671, 87056450692.

Өзгелердің жаңалығы