Елордада шинкиокушинкай каратэден республикалық турнир өтеді

31 Қазан 2022, 21:11
938
Бөлісу:
Елордада шинкиокушинкай каратэден республикалық турнир өтеді

12-13 қарашада Астанада "Арлан" клубының отыз жылдығына арналған шинкиокушинкай каратэден республикалық ашық турнир өтеді. Іс-шара "Аспан" спорт кешенінде өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Турнирге Қазақстанның 12 өңірінен: Алматы, Абай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстарынан, сондай-ақ Астана қаласынан 6 жастан 15 жасқа дейінгі 400-ден астам балалар мен жасөспірімдер келеді. Республикалық турнирдің ашылу салтанатына және жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне Спорт және дене шынықтыру басқармасының, Білім басқармасының, Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің өкілдері қатысады.

"Арлан" клубы - Астанадағы шинкиокушинкай каратэ бойынша ең табысты және қарқынды дамып келе жатқан мектептердің бірі, ол өз оқушыларын 30 жылдан бері тәрбиелеп келеді. 1992 жылы "Арлан" клубы Қазақстан Республикасының спорт шебері, қара белбеу иегері Талғат Аршкеновтың жетекшілігімен Астана қаласының № 22 мектебінде өз жұмысын бастады. Клубта сабақтарды білікті спорт шеберлері, қара белбеу иелері өткізеді.

Шинкиокушинкай каратэден республикалық турнир "UMIT TYNYSY" қоғамдық қорының қолдауымен ұйымдастырылды.

Шинкиокушинкай каратэден мұндай республикалық турнир елорданың спорттық өміріндегі жарқын оқиға ғана емес, сонымен қатар балаларды спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырады, ал турнирге қатысушылардың өздері ұмытылмас жарқын эмоциялар сыйлайды және осы спорт түрінің чемпиондық атақтарын алуға ынталандырады деп үміттенеміз, - деп атап өтті төраға "UMIT TYNYSY" қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Гүлім Жүсіпова.

Өзгелердің жаңалығы