Елордада кәсіпкерлікке қатысты сауалнама жүргізілуде

21 Қазан 2019, 22:23
2198
Бөлісу:
Елордада кәсіпкерлікке қатысты сауалнама жүргізілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалада кәсіпкерлер мен үй шаруасындағы тұрғындар арасында сауалнама жүргізілуде, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

"Құрметті елорда тұрғындары! Елордада кәсіпкерлік пен үй шаруашылығына қатысты сауалнама жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Мәліметтерді жинау және талдау нәтижелері бойынша ұсыныстар тізімін жасау қала экономикасын дамытудың тиімді жоспарын құруға көмектеседі. Сіз қаланың қандай маңызды мәселелері барын көрсетіп, оларды шешудің жолдарын ұсына аласыз. Сауалнаманы аудан әкімдіктерінің қызметкерлері 2019 жылдың қазан айының соңына дейін жүргізеді. Біз тұрғындарды бей-жай қалмай сауалнамалар толтыруға, сол арқылы қаланың дамуына белсенді қатысуға шақырамыз!", - делінген таратылған хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы