Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Абай даңғылынан С.Сейфуллин көшесіне дейінгі учаскеде Сарыарқа даңғылындағы жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Осыған байланысты 23-24 маусым аралығында жоғарыда аталған учаске Сарыарқа/Абай және Сарыарқа/Сейфулин қиылыстарын қоса алғанда, толығымен жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.