Елордада сапасыз медициналық қызмет көрсеткендерден 1,7 млрд теңге алынды

1 Желтоқсан 2022, 18:07
742
Бөлісу:
Елордада сапасыз медициналық қызмет көрсеткендерден 1,7 млрд теңге алынды

Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры елордалық филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Айтуынша, медициналық сақтандыру қоры халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізіп жатыр. 

Астана қаласы бойынша 2022 жылдың 10 айында  көрсетілген медициналық қызмет сапасы мен көлеміне жүргізілген түрлі мониторингтер аясында 366 029 кемшілік анықталып, 1 млрд 737 млн 298 мың теңге алынды. Оның ішінде, тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемі аясында 631 млн 872 мың теңге сомасына 6 209  кемшілік анықталды, - деп атап өтті Нұрлыбек Қабдықапаров. 

Ал МӘМС жүйесінде 1 млрд 105 млн 426 мың теңге сомасына 359 820 кемшілік анықталған. 

Медициналық қызметтердің сапасын басқару жүйесі бойынша 361 млн 951 мың теңге сомасына 3 772 кемшілік, ал консультациялық-диагностикалық қызмет бойынша  743 млн 475 мың теңге сомасына 356 048 кемшілік (дефект) анықталды. Проактивті мониторинг аясында 41 медицина ұйымына тексеру жүргізілді. 1-кезеңде 773 млн 433 мың теңге сомасына 8 576 кемшілік анықталды. Мақсатты мониторинг аясында 529 кемшілік анықталды. Медициналық қызметтерді сатып алу шартын орындауда 19 бұрмалаушылық фактісі анықталып, айып төлеу есебінде 15 млн 925 мың теңге алынды, - деді елордалық филиал басшысы. 

Белгілі болғандай, қордың Астана қаласы бойынша филиалының медициналық қызмет сапасы мен көлемін мониторингілеу бөлімі жоспардан тыс мониторинг бойынша 250 қорытынды жасап, оның 63-і негізді шағым екені дәлелденген. Жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде алынған сома 492 млн 276 мың теңгені құрады. 

Өзгелердің жаңалығы