Ресейден әкелінген көлік иелеріне арналған Сall-орталық іске қосылды

11 Қараша 2021, 13:26
2450
Бөлісу:
Ресейден әкелінген көлік иелеріне арналған Сall-орталық іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан полициясы Ресей Федерациясынан әкелінген автокөлік бойынша азаматтарға кеңес беру үшін Сall-орталық нөмірін іске қосты, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.

Ресей Федерациясынан әкелінген көлік құралдарын пайдалану және тіркеу мәселелері бойынша ақпаратты жедел ұсыну үшін Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінде Call-орталықтар ашылды. Жүргізушілер Call-орталықтарға қызығушылық танытқан ақпаратты алу үшін жүгіне алады.

Телефон арқылы көлік құралын пайдалану және тіркеу туралы ақпарат алуға, сонымен қатар көліктің РФ-те тіркелгенін тексеруге болады.

Сall-орталық нөмірлері: 8 (7172) 71- 69-77, 67-75-75, 8 705 164 7191, сағат 9:00-ден 23:00-ге дейін.


Өзгелердің жаңалығы