Астанада қатты желден құрылыс алаңында жұмыс істемей тұрған кран құлады, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.
2023 жылғы 18 маусымда, шамамен сағат 19:50-де, «GREENLINE. ASYL mura» тұрғын үй кешені құрылысы алаңында (мекенжайы: Астана қаласы, Нұра ауданы, Е10, Е51,Е305 (жобалық атаулары) Қ. Мұхамедханов көшесінің қиылысы) қолайсыз ауа-райынан, атап айтқанда, күшті желдің салдарынан жұмыс істемейтін КБ – 401 краны қасында тұрған кранға құлады. Крандар INVEST City ЖШС-ға тиесілі, - делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта оқиға орнында ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Астана қаласы бойынша департаментінің инспекторы жұмыс істеп жатыр, - делінген хабарламада.