Елордада қонаққа келген ер адам танысын тонап кеткен

25 Маусым 2022, 01:11
1360
Бөлісу:
Елордада қонаққа келген ер адам танысын тонап кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала тұрғыны полицияға арызданып, танысы ұялы телефонын ұрлап кеткенін айтты, деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Анықталғанындай, ол кеше түнде Бөгенбай батыр даңғылындағы үйде спирттік ішімдіктер ішкені белгілі болды. Содан отырыс аяқталып тараған кезде, жәбірленуші қатты мас болғандықтан төсекке жатып қалған.Осы уақытта 26 жастағы күдікті үшінші тұлғаның жоқтығын пайдаланып, кейін қайта сату мақсатында «Samsung» маркалы ұялы телефонын ұрлап, бұталардың арасына жасырған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «Сарыарқа» ауданының полиция қызметкерлері ұрлық жасағаны үшін бұрын сотталған елорда тұрғынын ұстады. 

Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Заттай дәлелдемелер алынды. Күдіктінің елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығына тексеру жүргізілуде.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуды ескертеді. Құқыққа қайшы әрекеттер орын алған жағдайда дереу полицияға немесе «102» мобильді қосымшасы арқылы хабарлау қажет.

Өзгелердің жаңалығы