Елордада қайғылы жол апаты болды

16 Тамыз 2022, 16:07
1574
Бөлісу:
Елордада қайғылы жол апаты болды

Елордада көлігін тұраққа қою кезінде жүргізуші баланы қағып өлтірді, деп хабарлады BAQ.KZ.

16 тамызда сағат 11:38-де Е-251 көшесіндегі үйдің ауласында көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті. Land Cruiser 200 автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі көлікті тұраққа қою кезінде баланы қағып кеткені анықталды. Бала алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Аталған фактінің мән-жайы анықталып жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Жүргізушілерге қырағы және барынша мұқият болу, жаяу жүргіншілерге жолды белгіленген орындарда ғана кесіп өту қажет.

Өзгелердің жаңалығы