Елордада қатты желден кран құлады

13 Маусым 2022, 22:00
1183
Бөлісу:
Елордада қатты желден кран құлады

Нұр-Сұлтан,  BAQ.KZ. Елордада қатты жел салдарынан мұнара краны құлады, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің баспасөз қызметі.

Бүгін Сығанақ және Тұран көшелерінің қиылысында мұнара краны құлады. Алдын ала мәлімет бойынша кран қатты желден құлап кеткен. Қазір төтенше жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнына ҚР ТЖМ өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері шықты, – делінген комитет таратқан хабарламада.

Аталған ведомствоның ақпаратына сай зардап шеккендер жоқ. Мәлім болғандай, құлаған кран қолданылмай, қаңтарылып тұрған.

Өзгелердің жаңалығы