Елордада Қарқаралы тас жолы ішінара жабылады

Кеше, 22:19
96
Бөлісу:
Елордада Қарқаралы тас жолы ішінара жабылады
Фото: gov.kz

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы "Жұлдыз" айналымынан бастап көлік айырығына дейінгі учаскесінде Қарқаралы тас жолының төсеміне үстіңгі қабатын салу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Астана әкімдігі мәлімдеді.

Қозғалыс көрсетілген учаскеде 4-7 тамыз аралығында ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы бір жағымен екі бағытта да жүзеге асырылатын болады, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ әкімдік елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы