Елордада қала күні қалай аталып өтті?

7 Шілде 2019, 15:23
2893
Бөлісу:
Елордада қала күні қалай аталып өтті?
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда 21-ші туған күнін атап өтті. Биыл осы күнге орай Нұр-Сұлтанда 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, олардың көпшілігі ашық алаңдарда-саябақтарда, скверлерде өткізілді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайтында хабарланды.

Биыл олардың саны үш есеге қысқарып, үнемделген қаражат әлеуметтік жобаларды іске асыруға бағытталды. Дегенмен, бұл қала күнін дәстүрлі астаналық ауқымда атап өтуге кедергі болған жоқ. 

d4d70870a41b23208e37cc4707b7bb10.jpeg

Бұл күні қала көшелерінде мерекелік көңілді әндер шырқалып, тамаша ауа райымен де ерекшеленді. Қонақтар отбасыларымен қуанышпен және мерекелік көңіл-күймен концерттерге барып, байқауларға қатысып, бір-бірін бүкілхалықтық Астана күнімен құттықтап жатты. 

Қала күніне арналған негізгі іс-шаралар 4 шілдеде бастау алды. Бұл күні қала әкімдігінің алаңында «Шаттық» халықаралық балалар шығармашылығы фестивалі ұйымдастырылды. Бірнеше күн бойы жас әртістер өздерінің вокалдық, би, дизайнерлік дағдыларын көрсетті. 

Сол күні астаналықтарға ұнаған «Азия жаңғырығы» цирк өнерінің халықаралық фестивалі ашылды. Әлемнің 13 елінен келген 70 әртіс Нұр-сұлтан тұрғындарын үздік цирк нөмірлерімен таныстырды. Олардың өнерімен дүйім жұрт танысуға мүмкіндік алды. Айта кету керек, фестивалға қатысушылардың қарасы қалың болды. 

5 шілдеде Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсімі қала күнін атап өтуге бастамасы ретінде ұйымдастырылды. 

Осы уақытта Нұржол гүлзарында «Нұрсұлтан Назарбаев: жасампаздық дәуірі» фотокөрмесінің ашылуына көптеген қонақтар жиналды. 

Сол күні амфитеатрдың сахнасында қала әкімінің кубогы үшін караокеден Чемпионаттың жеңімпаздары анықталды. 

Тағы бір алаңда – «EXPO» жазғы сахнасында Тhe spirit of Eurasia 2019 қазіргі заманғы этникалық музыка халықаралық фестиваліне этностиль сүйетіндер жиналды. Екі күн ішінде қонақтар әртістердің қойылымдарын тыңдап, аталмыш шарада қуана-қуана серуендеді. 

e4061f2e91d8b9bb7fd0a26456512ac7.jpeg

Ал «Көрме» көрме залында астананың көпбалалы аналары осы жылдың ашылуына айналған бірінші «Көрпе Fest» көрмесіне қатысты. 

5 шілде күні Абай ескерткішінің алдында «Нұр-Сұлтан – еліміздің бас қаласы, Жастар – болашақтың бастауы!» тақырыбында Абай оқулары, театрландырылған қойылымдар, мәнерлеп оқу байқаулары және кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

Кешкісін қалалық сахнада «International Street dance Session in Astana» халықаралық көше би фестивалі ұйымдастырылып, қатысушылар қала тұрғындарының қалың қошеметіне ие болды. 

Қаланың тұрғын алаптары да концерттік бағдарламалардан шет қалмады. «Промышленный», «Интернациональный», «Железнодорожный», «Пригородный», «Үркер», «Көктал-1» сынды елді мекендердегі тұрғындар үшін концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, аталып өтті. 

6 шілдеде Астана күніне және Жастар жылын мерекелеу аясында елордада жаңа «Жекпе-жек сарайының» ашылуы және жауынгерлік өнердің гала фестивалі аталып өтті. 

39244a5fdf93c279cee0e8544d8b52e1.jpeg

Сонымен қатар, дәл күні Елорда алаңдарында «Астана самалы» халықаралық үрмелі оркестрлер фестивалімен концерттік бағдарламалар жалғасын тапты. Фестивальдің ең көптен күткен оқиғасы Астана көшелеріндегі Оркестрлер шеруі болды. Елорда қонақтарын қалалық алаңдағы плац-концерт таң қалдырды. 

6 шілде күні кешкісін «Барыс Арена» мұз сарайының трибунасында ине шанышар орындар болған жоқ – мұнда қазақстандық боксшы Жанкош Тұраров титулдық жекпе-жегін өткізген «Болашақ аңыздар» атты кәсіби бокс кеші болып өтті.   

Қала күніне орай өткізілетін барлық іс-шараларға көптеген елорда тұрғындары мен қатысушылары қатысты. Мерекелік көңіл-күй мен қонақтардың көңіл-күйлері Астана күні қазақстандықтардың ең сүйікті мерекелерінің бірі екенін тағы да көрсетті. 

73b23e448bdca3f9d73c3d805eb59268.jpg

Астана күніне арналған мерекелік іс-шараларға 450 мыңнан астам адам қатысты.

Өзгелердің жаңалығы