Елордада Президент жастар кадрлық резервінің аллеясы ашылды

30 Сәуір 2022, 16:00
1333
Бөлісу:
Елордада Президент жастар кадрлық резервінің аллеясы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 сәуірде Сарырарқа ауданындағы «Көктал»  саябағында Президент жастар кадрлық резервінің мүшелері #BirgeTazaQazaqstan акциясы аясында тал егіп, сенбілікке қатысты. 

Шараға  бала-шағасымен бірге келген кадрлық резерв мүшелері  саябақтағы арнайы аллеяға 150-дей  түрлі ағаш  көшетін  отырғызып,   айналаны қоқыстан тазартты. 

Менің отбасым үшін еліміздегі өзіміз мекен еткен қалаларда  жыл сайын ағаш отырғызу дәстүрге айналған.  Бүгін сол әдетімізбен жаңылмай, тамаша табиғат аясында  керемет уақыт өткізіп, елордамыздың жасыл қалаға айналуына өз үлесімізді қостық, – дейді Президент жастар  кадрлық резервінің белсенді мүшесі Самат Рамазанов.

Жалпы, 16 сәуірден бастау алған #BirgeTazaQazaqstan жалпыұлттық экологиялық акциясына  елордамыздың белсенді тұрғындары, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер  белсенді қатысып жатыр. Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлімі бас маманы Жансейіт Тынбаевтың айтуынша, бүгін аудандағы «Көктал» саябағы, Моншақты көшесінің бойында қайың, қарағай, жөке ағашының 200-ден аса көшеті отырғызылды.

Өзгелердің жаңалығы