Елордада полицейлер ойын-сауық орындарына рейд жүргізді

27 Тамыз 2020, 22:55
1449
Бөлісу:
Елордада полицейлер ойын-сауық орындарына рейд жүргізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәртіп бұзушыларға ірі көлемде айыппұл салынады деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда полицейлер ойын-сауық орындарына кезекті рейд жүргізді. 25-29 тамыз аралығында қалада "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

дерекк.jpg

Біздің басты мақсатымыз – құқық бұзушылық пен қылмыстың, жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу, сондай-ақ карантин шараларының сақталуын қамтамасыз ету, - деді Есіл аудандық Полиция басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Мадияр Айтуғанов.

Полицейлер мен БАҚ өкілдері 23:00-ден кейін тексеруге шыққан. Айта кету керек, қазіргі уақытта ойын-сауық мекемелер жұмысына осындай кеш уақытта тыйым салынған.

дереккк.jpg

Рейд барысында полиция қызметкерлері шектеу шараларын сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.



Өзгелердің жаңалығы