Елордада пара дзюдодан «IBSA Гран-При Нұр-Сұлтан2022» турнирі өтіп жатыр

29 Мамыр 2022, 15:46
1374
Бөлісу:
Елордада пара дзюдодан «IBSA Гран-При Нұр-Сұлтан2022» турнирі өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында Ж.Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында пара дзюдодан «IBSA Гран-При Нұр-Сұлтан2022» турнирінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, IBSA дзюдо халықаралық федерациясының төрағасы Янош Тардос, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сапиев қатысты.

Байрақты бәсекеде әлемнің 22 мемлекетінен 200-ден аса спортшы 16 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынауда. Қазақстан құрамасынан ел намысын 21 дзюдошы қорғап жатыр.

Халықаралық турнир Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, Республикалық пара дзюдо федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатыр.
Жарысты көрермендер бүгін және ертең Qazsport арнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Өзгелердің жаңалығы