Елордада өзендердің су ресурстарын қорғау мәселесі талқыланды

21 Қараша 2020, 12:33
2519
Бөлісу:
Елордада өзендердің су ресурстарын қорғау мәселесі талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда еліміздің Су саясаты туралы ұлттық диалог бойынша ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің алтыншы отырысы өтті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтанда ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Су саясаты туралы ұлттық диалог бойынша ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің алтыншы отырысы өтті. Отырыс жұмысы бейнеконференция режимінде өткізілді.

Отырыста трансшекаралық өзендердің су ресурстарын қорғау және пайдалану бойынша Қазақстанның шектес елдермен ынтымақтастық мәселелері талқыланып, Қазақстанның су ресурстарын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында көзделген іс-шаралар қарастырылды, сондай-ақ 2021 жылға арналған ССҰД жұмыс жоспары бойынша ұсыныстар әзірленді, - делінген таратылған ақпаратта.

Қатысушылармен өнеркәсіптік авариялардан судың ластануын болдырмау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тетіктері және Су мен денсаулық проблемалары жөніндегі хаттама шеңберінде орындалатын іс-шараларға ерекше назар аударылды.

Отырысқа Қазақстанның мемлекеттік органдары, ғылыми институттары, қоғамдық ұйымдар мен халықаралық ұйымдар өкілдері қатысты.


Өзгелердің жаңалығы