Елордада өткен тәулікте карантин талаптарын бұзған 10 мекеме анықталды

8 Маусым 2021, 02:23
1869
Бөлісу:
Елордада өткен тәулікте карантин талаптарын бұзған 10 мекеме анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың мониторингтік топтары бірнеше ай бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп, кәсіпкерлік нысандары арасында карантин бұзушыларды анықтап келеді. 

Өткен демалыс күндері Нұр-Сұлтанның барлық ауданында карантин талаптары бұзылғаны анықталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Мәселен, өткен тәулікте, яғни 6 маусымда мониторингтік топтар 10 мекемені әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Алматы ауданы Нәжімеденов көшесі, 14 мекенжайындағы «Панаехали» барында карантин бұзылғаны анықталды. Сол сияқты Байқоңыр ауданында Кенесары көшесі, 65 мекенжайында орналасқан «С кайфом» лаундж бары санэпидемиологиялық нормаларды бұза отырып жұмыс істеген.

Ал Есіл ауданында бірден 7 ойын-сауық мекемесі карантин режимін бұзды.
Сарыарқа ауданында Respawn компьютерлік клубы бас санитарлық дәрігердің қаулысына қарамастан сағат 23:00-ден кейін жұмыс істеді.

Жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймаққа енгеніне үшінші ай болды. Қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып қалуда. Сондықтан елорда тұрғындары мен қонақтары, кәсіпкерлік нысандары коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуын болдырмас үшін санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтауы тиіс.

Өзгелердің жаңалығы