Елордада өткен отбасылық ғылыми демалысқа 4 мыңнан астам адам қатысты

11 Қыркүйек 2022, 12:32
1288
Бөлісу:
Елордада өткен отбасылық ғылыми демалысқа 4 мыңнан астам адам қатысты

Елімізде алғаш рет отбасылық PRO.NRG FEST ғылым, өнер және технологиялар фестивалі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Ауқымды іс-шараға 4 мыңнан астам адам қатысты. 

Астана соңғы онжылдықтағы әлемдік үрдісті қабылдап, онда ауқымды ғылыми фестивальдер ғылымды танымал етудің ең жарқын тәсілі ретінде сенімді түрде жарияланды. Ғылыми-көпшілік уикенд форматы фестивальдің басты идеясына – оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер сияқты ауқымды аудитория арасында білім берудегі ғылым мен жаңа әдістерді ілгерілетуге жауап береді. 

Фестиваль бағдарламасы балалар, мұғалімдер және ата-аналар өз сұрақтарына жауап тауып, жаңа оқу жылына шабыт алатындай етіп жасалды. PRO.NRG.FEST фестиваліне келушілер өз спикерін таңдауға және білім қуатына ие болуға – дәрістердің ақпараттық ағымына енуге, шеберлік сабақтарына дағдылануға, ғылыми шоуларды көруге бірегей мүмкіндік алды.

Сондай-ақ фестиваль аясында оқушылар арасында робототехника бойынша әлемдік чемпионат-First Global Challenge ұлттық кезеңінің финалы өтті. Жеңімпаз-команда Женевада өтетін әлем біріншілігінде 160 елден 190-нан астам команда арасында Қазақстанның намысын қорғайды. 

Министрлік ғалымдар мен инженерлердің жаңа буынын даярлауға жәрдемдесетін білім беру бастамаларын қолдауға әрқашан дайын. Алайда кез келген өзгерістер тұрақты дамуға, жаңа нәрсені үйренуге және балаларға өзекті білім оқытуға әрқашан дайын мұғалімдерден басталады, - деді фестивальға арнайы ат басын бұрған Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

PRO.NRG FEST Қазақстанда STEAM-білімді дамытатын «Caravan of Knowledge» білім беру қорының бастамасы бойынша өткізіледі. 

S – science (ғылым), T – technology (технологиялар), E – engineering (инженерия), A – art (шығармашылық) және M-mathematics (математика). Бүгінгі таңда STEAM-білім пәнаралық және қолданбалы тәсілдерді қолдануға, сондай-ақ барлық бес пәнді бірыңғай оқыту схемасына біріктіруге негізделген.

Біз PRO.NRG.FEST сияқты фестивальдер қазақстандықтардың ғылымға, жаңа технологияларға, білім берудің тиімді шешімдеріне деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретін үздік форматтардың бірі екеніне сенімдіміз. Осылайша, елде ең озық білім беру практикасын ілгерілететін жас ғалымдарды, ғылымды танымал етушілерді, креативті педагогтарды бір алаңға біріктірдік, - деп атап өтті қор басшысы Зарина Бүйембаева. 

Өзгелердің жаңалығы