Елордада "Otbasy baqyt mekeni" жобасы жүзеге асырылуда

7 Қараша 2019, 19:18
1384
Бөлісу:
Елордада "Otbasy baqyt mekeni" жобасы жүзеге асырылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел астанасында "Otbasy baqyt mekeni" жобасы басталды. Бұл жоба Жастар жылы аясында "Астана жастары" жастар ресурстық орталығының ұйымдастырылуымен жүзеге асырылады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің ресми сайты.

"Otbasy baqyt mekeni" жобасының басты идеясы драмалық және комедия жанрларындағы театрлық қойылымдар арқылы көрерменге отбасы құндылықтарын сақтауды жеткізу және жанұялық асыл қасиеттерді сақтауға дәріптеу.
Жоба аясында 8 қараша күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу-зертханалық корпусында Ә.Оразбековтің "Бір түп алма ағашы" психологиялық драмасы қойылады. Қойылым әрбір көрерменнің туған ел ғана емес, туған шаңырақ пен ата-ана алдындағы перзенттік парызын кезекті рет еске түсіреді, - делінген ақпаратта.

Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл театр мәдениетін жаңа деңгейге көтеруде жас таланттарға жаңа мүмкіндіктер береді.


Өзгелердің жаңалығы