Елордада оқушылар слеті өтіп жатыр

22 Маусым 2022, 11:39
1793
Бөлісу:
Елордада оқушылар слеті өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада еліміздің барлық өңіріндегі ауыл мектептерінің оқушылары үшін ауқымды IQanat республикалық слеті өтіп жатыр. 

Белгілі болғандай, іс-шара Үкімет бекіткен Балалар жылына орай ұйымдастырылып отыр. 

Оқушылар тәжірибелі педагогтар мен психологтар бірлесіп дайындаған «Біз өз бағамызға тең емеспіз» және «Жеңіс пен жеңілісті мойындай білу» ынталандыру тренингтеріне қатысты. Балаларға дәрісті танымал коуч Салімжанова Дамира өткізді. Тренинг қатысушыларға оқудың мағынасын жақсы түсінуге және меңгеруге көмектесетін теориядан тыс, көптеген тәжірибе сабақтарын қамтыды.

Елордада оқушылар слеті өтіп жатыр

Балаларды өздерін алған бағаларымен салыстырмауға, олардың тестілеуден алған ұпайдан гөрі әлдеқайда қадірлі екенін түсінуге үйреткен жөн. Баға – бұл жүйенің белгілі бір бөлігі ғана және олар сіздің қандай адам екеніңізді танытпайды. Сонымен қатар тренинг барысында біз балаларды жеңістен де, жеңілістен де барынша пайда көруге үйретеміз. Барлық дүниенің жақсы да, жаман да жақтары бар. Сондықтан егер сіз мақсат пен басымдықтарды дұрыс қойсаңыз, онда жеңімпаздар мен жеңілгендер арасындағы айырмашылық толығымен жойылып кетеді, - деді Iqanat қорының атқарушы директоры, Камила Башарова.

Елордада оқушылар слеті өтіп жатыр

Сондай-ақ балалар белгілі спортшы, үш дүркін әлем чемпионы Ардақ Назаровпен кездесті. 

Мен өзім ауылда туып-өскендіктен, бұл бастаманың шын қадірін сеземін. Мұндай іс-шаралар ынталандырмақ түгілі, балалардың тағдырын өзгертіп жатады. Маған сеніңіз, тиісті ауқымды слетке кем дегенде бір рет қатысқан бала әрі қарайғы өсіп-өнуі үшін бар күшін салады. Ауылдардағы балалар үлкен әлеуетке ие, бірақ әртүрлі жағдайға байланысты ол жиі байқалмайды, - деді  Ардақ Назаров.

Ол балаларды қызықтыратын барлық сұраққа, қанша көп болса да жан-жақты жауап берді. Балалар оның жеңілістерін қалай еңсергеніне және оған не күш сыйлап, көмектескеніне, спортшының жеңіске қалай тастүйін бекінетініне және оны өмірде қандай асулар шабыттандыратынына қатты қызықты.

Елордада оқушылар слеті өтіп жатыр

Мақсатты айқын анықтау және оған жету жолында берілмеу, жаман әдеттерді пайдалы жақтарға өзгерту, қолдауды сезініп қана қоймай, оны қажет ететіндерді қолтықтан демей білу де өнер. Өмір – бұл біртегіс тамаша көгалы мен егжей-тегжейлі сызылған ережесі бар футбол алаңы емес екенін есте ұстаған жөн. Адам баласының ғұмыры, жүріп өтетін жолы небір кедір-бұдырға толы. Бірақ ешқандай жағдайда жігеріңізді жасытып, сеніміңізге селкеу түсірмеңіз. Нәтижесінде ерте ме, кеш пе сіз жетістікке жетесіз, - деп рухтандырды спортшы.

Ол слетке қатысушыларға жарқын жетістіктер мен жеңістер, сондай-ақ қызықты өмір сәттерін тіледі.

Мен IQanat слетіне қатысушылардың қатарына енгеніме өте қуаныштымын. Бүгін тек бірінші күн, бірақ соның өзінде алған әсер шексіз! Біз бірнеше тренингке қатысып үлгеріп, Назарбаев Университетіне саяхат жасадық. Ертең өте жауапты күн – олимпиада басталады. Географияны және ағылшын тілін тапсырамын. Уайымдасам да, өз біліміме сенімдімін, - дейді Маңғыстау облысы Бейнеу ауданынан келген оқушы Сағымбай Айдана. 

Елордада оқушылар слеті өтіп жатыр

Айта кетерлігі, IQanat республикалық оқушылар слеті IQanat қорының бастамасымен өткізіліп отыр. Қор Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Қазақстандағы ауыл мектептерінің оқушылары үшін жыл сайын IQanat республикалық олимпиадасын өткізеді. IQanat олимпиадасы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларының (ғылыми жарыстардың) тізбесіне енгізілген.

IQanat жобасын іске асыру және ауыл оқушыларының осындай жоғары нәтижеге қол жеткізуі ауыл оқушыларына көмек көрсету ниетімен біріккен, олардың тағдырына бейжай қарамайтын қордың қамқоршыларының қолдауының арқасында мүмкін болып отыр.

Өзгелердің жаңалығы