Елордада оқушылар арасында «Ashyq jol» квесті өтті

6 Мамыр 2022, 18:05
1251
Бөлісу:
Елордада оқушылар арасында «Ashyq jol» квесті өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Абайлаңыз – Балалар!» Республикалық акциясы шеңберінде «Астана жастары» ЖРО қалалық жастар саясаты басқармасымен бірлесіп Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің қолдауымен елордалық мектептердің 4-8 сынып оқушыларына «Ashyq Jol» квестін өткізді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Квест кезінде қатысушыларға жолды кесіп өту кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы айтылды, сондай-ақ ПД қызметкерлері профилактикалық әңгімелер өткізді.

Біз, «Астана жастары» ЖРО еріктілері 4-8 сынып оқушылары арасында жол қозғалысы ережелері бойынша квест өткіздік. Квест кезінде орта мектеп оқушылары жол қозғалысы ережелерін оқыды. Олармен полиция қызметкерлері де әңгіме жүргізді. Барлық қатысушылар сертификаттар мен ынталандыру сыйлықтарына ие болды, - деді «Астана жастары»  ЖРО еріктісі Шерханали Айтжанов.

 

Өзгелердің жаңалығы