Елордада "Нұрлы жүрек" әлеуметтік қызмет орталығы жұмыс істейді

28 Қазан 2019, 20:50
2572
Бөлісу:
Елордада "Нұрлы жүрек" әлеуметтік қызмет орталығы жұмыс істейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігінің "Нұрлы жүрек" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы церебральды сал, эпилепсия, хромосомалық аурулар, аутизм, олигофрения, сөйлеу бұзылыстары бар, психикалық ауытқулар мен ақыл-ой дамуы артта қалған балаларға стационар және жартылай стационар жағдайында арнайы-әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты. 

Мекеме 3 корпустан тұрады. Балалар даму деңгейіне, жасы мен жынысына сәйкес бірнеше топтарға бөлінген. Мекемеде 8 арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі: - әлеуметтік-тұрмыстық; - әлеуметтік-медициналық; - әлеуметтік-педагогикалық; - әлеуметтік-психологиялық; - әлеуметтік-еңбек; - әлеуметтік-мәдени; - әлеуметтік-құқықтық; - әлеуметтік-экономикалық қызметтері. Орталықта психологтар, дефектологтар, сызу, дене шынықтыру және спорт, гончарлық іс мұғалімдері жұмыс істейді. Директордың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Махаббат Зейнелованың айтуынша, күніне балалар 2-4 сабақ алады.

Сабақ саны балалардың денсаулығының жағдайына тікелей байланысты. Мәселен, қол саусақтарының моторикасын (ұсақ моторика) дамыту үшін балалар қыш бұйымдарын жасап, пластилин мүсіндейді.


Өзгелердің жаңалығы