Елордада Nur Otan партиясының ғимаратын өртеуге қатысқан азамат ұсталды

31 Қаңтар 2022, 11:32
1360
Бөлісу:
Елордада Nur Otan партиясының ғимаратын өртеуге қатысқан азамат ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Бағланбек Айтпаев дәстүрлі брифинг барысында айтты. 

Биылғы 21 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Бақты ауылының шетінде жеке кәсіпкерді карабиннен оқ атып өлтірген азамат ұсталды. Ауыр және аса ауыр қылмыстарды қоса алғанда, бұрын жасалған 700-ден астам қылмыс ашылды. Іздеудегі 107 қылмыскер ұсталды, - деді ол. 

Оның айтуынша, Алматы қаласы мен Алматы облысының ҰҚИ-ға жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып, полиция қызметкерлері мен әскери қызметкерлерге қарсы қолданылған металл арматура таратқан алты тұрғын қамалды.

Нұр-Сұлтанда 5 қаңтарда Жамбыл облысының тұрғыны мемлекетаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды. Ол Жамбыл облысы Төле би Шу  ауданына қатысты Nur Otan партиясының әкімшілік ғимаратын өртеуге қатысқан, - деді Айтпаев. 

Өзгелердің жаңалығы