Елордада мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бір реттік төлем беріледі

8 Қазан 2019, 14:31
1894
Бөлісу:
Елордада мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бір реттік төлем беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазанның екінші жексенбісі Қазақстанда мүгедектер күні. Осы датаға орай  астана әкімдігімен мүміндігі шектеулі азаматтарға бір реттік төлем төленеді,  деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы  елордада тұратын мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және ерекше қажеттілігі бар 18 жасқа дейінгі балаларға  2,5 АЕК немесе 6313 теңге аударады.

"Басқарма  Халық Банк, Жусан банк, Қазпошта, Сбербанк есеп шот және карталық шоттарымен, АТФ Банк, Альфа Банк, Форте банк банктерімен қызмет көрсету туралы келісім жасаған. Сондықтан бір реттік төлемді алушы тұлғалар аталған банктерде шоттары болмаса, 20 сандық шот ашу үшін банкке барып, Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына әкелуі тиіс", - делінген таратылған ақпаратта. 

Өзгелердің жаңалығы