Елордада министрлер мен депутаттар футбол ойнап жатыр

1 Шілде 2022, 17:48
1175
Бөлісу:
Елордада министрлер мен депутаттар футбол ойнап жатыр
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері күніне арналған шағын футболдан турнир өтіп жатыр.

Турнирге Сенат, Мәжіліс және Үкімет пен Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік қызметкерлерінен жасақталған командалар қатысып жатыр.

Елордада министрлер мен депутаттар футбол ойнап жатыр
Елордада министрлер мен депутаттар футбол ойнап жатыр

Премьер-министрдің орынбасарлары Ералы Тоғжанов пен Ерұлан Жамаубаев та осында жүр.

Елордада министрлер мен депутаттар футбол ойнап жатыр

Турнирдің ашылу салтанатында Сенат депутаты Нариман Төреғалиев Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың атынан құттықтау жеткізіп, бұқаралық спорт туралы айтты.

Мемлекеттің алдындағы негізгі бағытының бірі - бұқаралық спортты дамыту. Мемлекет оған барлық жағдайды жасап жатыр. Бүгін жарысқа дайындалып келген спортшыларды танып тұрмыз. Мемлекеттің бұқаралық спортқа деген қолдауын осыдан да байқауға болады. Бүгін де осы спорт түрін дамытуға ауқымды жұмыс істеліп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы бұқаралық спортқа көңіл бөліп отырғаны, мемлекеттік тиісті органдарда нақты тапсырмалар іске асып жатқанына куә болып отырмыз, - деді депутат.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев мемлекеттік қызметшілердің қызметі зор екенін атап өтті.

Қай жақта болмасын мемлекеттік қызметшілер халық пен биліктің ортасында жүреді. Сондықтан да осындай тығыз байланыс бізге өте қажет. Ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз, – деді Жазықбаев.

Үкімет пен Мәжіліс командалары бақ сынап жатыр. Мысалы, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев пен Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан қарама-қарсы командаларда ойнап жүр.

Елордада министрлер мен депутаттар футбол ойнап жатыр
Елордада министрлер мен депутаттар футбол ойнап жатыр
Елордада министрлер мен депутаттар футбол ойнап жатыр

Турнир бұқаралық ақпараттын насихаттауға бағытталған. Заң шығару және атқарушы орган арасында өзара байланыс орнатуға негізделген. Жеңімпаздар кубоктар мен арнайы медальдарға ие болады.

Елордада министрлер мен депутаттар футбол ойнап жатыр
Өзгелердің жаңалығы