Елордада мемлекеттік қызметкерлерге ағылшын тілі оқытылады

10 Наурыз 2020, 20:32
1744
Бөлісу:
Елордада мемлекеттік қызметкерлерге ағылшын тілі оқытылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының елорда тұрғындары мен қонақтарына тілдік орта қалыптастыру бойынша іс-шаралар қабылдау туралы тапсырмасына сәйкес өткен жылы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және "Астана" халықаралық қаржы орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Ол бойынша бірқатар іс-шараларды өткізу жоспарланған, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

Соның бірі – ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап шетелдік инвесторлар мен іскер туристер үшін барлық мемлекеттік және қалалық қызмет көрсететін мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік құрылымдардың қызметкерлеріне ағылшын тілін оқыту. 

Осы мақсатта Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы "Руханият" КММ-ның ұйымдастыруымен наурыз айынан бастап ХҚКО, денсаулық сақтау мекемелерінің, аудан әкімдіктеріндегі "Фронт-офистердің", "IQala" орталығының қызметкерлеріне (барлығы 118 тыңдаушыға) ағылшын тілі курстары басталды. Курс шілде айына дейін аптасына үш рет оқытылады. Курс соңында қорытынды тест алынып, сертификат беріледі.


Өзгелердің жаңалығы