Елорда мектептерінің бірінде есепші мен шаруашылық қызметкері 7 жыл бойы мемлекет қаражатын жымқырып келген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Олар еден жуушылардың есепшотына артық ақша аударып, кейін "қателесіп кетіппіз" деген сылтаумен өздеріне қайтарып алып отырған. Жымқырған ақшаның жалпы сомма - 197 миллион теңге.
Есепшілер 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ақпаратынша, жыл басынан бері осындай 22 қылмыстық іс тіркеліп, оның 9-ы сотқа жолданған.