Елордада мектеп оқушыларының сабақтары қысқарды

25 Қараша 2022, 16:45
6476
Бөлісу:
Елордада мектеп оқушыларының сабақтары қысқарды

Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымда оқитын мектеп оқушыларының сабақтары қысқартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қала әкімдігінің мәліметінше, екінші ауысымдағы сабақтар қысқартылады. Қараңғы түскенше балалар ата-анасының қарауымен қайтарылады.

Қазіргі алгоритм бойынша күндізгі 12 кезіндегі ауа райы болжамы ескерілді. Ол кездегі параметрлер бойынша қашықтан оқытуға көшу мүмкін емес. Сондықтан балаларды қараңғы түскенше жіберу үшін екінші ауысымдағы сабақтарды қысқарту туралы шешім қабылданды, – делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы