Елордада маска кию, әлеуметтік қашықтық талаптары сақталмайды – министр

2 Тамыз 2022, 11:22
1174
Бөлісу:
Елордада маска кию, әлеуметтік қашықтық талаптары сақталмайды – министр

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бүгін өткен Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

«Сары» аймақтағы Нұр-Сұлтан қаласында үй-жайларда көп адам қатысатын көпшілік іс-шаралар жүргізіледі және медициналық масканы кию, әлеуметтік қашықтық талаптары сақталмайды. Бұл астанада инфекцияның одан әрі таралуына алып келіп отыр. Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және бизнестің шектеусіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін бизнес объектілерде санитариялық-дезинфекция режимін сақтау және халықтың қызметтер алу кезіндегі қауіпсіздігін сақтау қажеттілігі туралы тағы да қайта еске саламыз, - деп ескертті ведомство басшысы.

Сонымен қатар министр ревакцинацияның маңыздылығына тоқталды. 

Ауырған адамдардың 80%-ы егілмеген адамдар немесе 6 ай бұрын егілген адамдар екенін ескерсек, уақытылы КВИ-ға қарсы ревакцинациямен қамту қажет екендігін көрсетеді. Бүгінгі күні ревакцинацияны 5,0 млн-нан астам адам алды. Ревакцинацияға 7 млн 430 мың адам жатады десек, бұл тиісті контингенттің 68%-ын құрайды. Сонымен қатар бұл жұмыс 3 өңірде дұрыс деңгейде орындалып жатқан жоқ, яғни, көрсеткіш 55%-дан төмен. Бұл – Атырау, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстары. Ревакцинацияны одан әрі жалғастыру қажет, - деді Ажар Ғиният. 

Өзгелердің жаңалығы