Елордада мас жүргізуші 3 адамды қағып кетті

22 Маусым 2020, 23:05
1378
Бөлісу:
Елордада мас жүргізуші 3 адамды қағып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада мас жүргізуші 3 азаматты қағып кетті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті.

22 маусым сағат 21:03-де, Бейсекова көшесінен Қосшығұлұлы көшесімен келе жатқан 1986 жылы туған жүргізушінің басқаруындағы "Мазда" маркалы автокөлігі қарама-қарсы бетке шығып кеткен. Жаяу жүргіншілер жолағында келе жатқан 2001, 2002 және 2018 жылы туған азаматтарды қағып кетті. Оқиғадан зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Көлік жүргізушісі масаң күйде болған, - делінген хабарламада.
 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат Нұр-Сұлтан уақытша ұстау изоляторына қамалды. 
Өзгелердің жаңалығы