Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Алтай Көлгінов елордада мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығын салу көзделіп отырғанын хабарлады.
«Бүгін Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болдым. Мекемеде мамандар мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсетеді.
Ата-аналар бұл орталықта сабақ, жаттығу өткізетін қажетті кабинеттердің және білікті дәрігерлердің бар екендігін айтты.
Ата-аналар тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылды. Емдеуге арналған аппараттар қажеттілігі айтылды.
Қарапайым ақпараттандыру жағы жетіспейді.
Елордада мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығын салуды қарастырамыз»,- деп жазды Алтай Көлгінов Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Сондай-ақ, әкім аталмыш орталық Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп салынатынын да айтты.