Елордада LRT конструкциясына эвакуатор соқтығысып қалған

31 Мамыр 2024, 11:47
870
Бөлісу:
Елордада LRT конструкциясына эвакуатор соқтығысып қалған
VIDEO
Фото: скриншот

Оқыс оқиға кеше кешке сағат 21:15 шамасында болған. 

Оның видеосы әлеуметтік желілерде жаппай таралды. Кадрларда эвакуатордың салынып жатқан конструкцияның астынан өте алмай тіреліп қалғанын көруге болады.  

Howo маркалы көлікті тізгіндеген 60 жастағы жүргізуші Ұлы Дала даңғылы бойымен үлкен арнайы техниканы тасымалдап бара жатқан. Ол Тұран даңғылы жағынан Қабанбай батыр даңғылымен қиылысқан жерде көлігінің габаритін (оның биіктігін) ескермей, LRT конструкциясының астынан өтпек болып, оны зақымдап алды, - делінген Астана қаласы ПД хабарламасында.

Абырой болғанда зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның материалдары әкімшілік сотқа жолданды.

Өзгелердің жаңалығы