Елордада «Қылқалам ұшындағы құдірет» көркемсурет көрмесі ашылды

6 Тамыз 2021, 18:00
6118
Бөлісу:
Елордада «Қылқалам ұшындағы құдірет» көркемсурет көрмесі ашылды
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің Ұлттық музейінде Атырау облысының Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің таңдаулы өнер туындылары таныстырылды.

Көрмені ұйымдастырудағы басты мақсат – еліміздің бейнелеу өнері мен мәдени мұраларын музей қорындағы еңбектері арқылы көпшікке насихаттау.

Елордада «Қылқалам ұшындағы құдірет» көркемсурет көрмесі ашылды


«Қылқалам ұшындағы құдірет» көрмесінде қазақстандық қылқалам шеберлерінің 70-ке жуық заманауи өнер туындысы көрсетілді.

Ашылу салтанаты барысында ұйымдастырушылар бұрын көпшілікке беймәлім авторлардың кескіндемелік еңбектерімен кеңірек таныстырды.

Елордада «Қылқалам ұшындағы құдірет» көркемсурет көрмесі ашылды


Ш.Сариев музей қорының аудиториясын көбейту мақсатында ұйымдастырып отырмыз.Оған Ұлттық музейдегі жылжымалы көрмелердің әсері мол. Музейімізде жинақталған өнер туындыларын тек бір ғана облысты қамтымай, бірнеше аймаққа кеңінен тарағанын қалаймыз. Біз 70-ке жуық ең таңдаулы өнер еңбектерін әкеліп отырмыз. Мұнда қазақ кесіндемесінің классиктеріне айналған Мұқит Қалиев, Әбдірашит Сыдыханов, Сабыр Мәнбиев сынды суретшілеріміздің туындылары әкелдік, - деді Атырау облыстық Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің директоры Төлеген Орынбасарұлы.

Сонымен қатар ол көрмедегі суреттедің көбіне нені меңзейтінін сипаттап берді.

Елордада «Қылқалам ұшындағы құдірет» көркемсурет көрмесі ашылды


Бейнелер көбіне туған еліне, жеріне деген махабатты суреттейді. Оның ішінде әлеуметтік тақырыптар мен тарихи оқиғаларда сипатталған. Атап айтар болсақ, Табылды Мұқатов ағамыздың «Исатай мен Махамбет» туындысы. Бұл тарихи суретті ағамыз 1836-1838 жылғы қозғалысты жақсы бейнелеген. Онымен қоса Жоламан Аралбаев ағамыздың «Менің ауылым » аталатын бірнеше туындысы – ауыл өмірін, тыныс-тіршілігінің жағдайын түрлі түстермен әсерлеп берген, - дейді ол.

Елордада «Қылқалам ұшындағы құдірет» көркемсурет көрмесі ашылды


Айта кетейік, Ұлттық музей қонақтары үшін «Қылқалам ұшындағы құдірет» көрмесіне тамыздың 27-сіне дейін тамашалай алады.

Өзгелердің жаңалығы