Елордада күй жәрмеңкесі өтті

23 Мамыр 2022, 08:28
1431
Бөлісу:
Елордада күй жәрмеңкесі өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы Дина Нұрпейісова ескерткішінің жанында «Күй жәрмеңкесі» өтті. Биыл алғаш өтіп оытрған іс-шараға оқушылар, студенттер мен қоғам және өнер қайраткерлері қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Дина Нұрпейісова мен өзге де танымал композиторлардың туындыларын орындады.  Халықтың қошеметіне  бөленіп, күйді нақышына келтіріп тартқандар сый-құрметсіз қалған жоқ. Ал үздік өнерпазға үкілі домбыра мен «Дина Нұрпейісаваның 25 күйі жазылған жинақ» табысталды.

Еске салайық, Дина Нұрпейісованың ескерткіші былтыр домбыра күні қарсаңында ашылған еді.

Басты мақсатымыз жастарды біздің еліміздің төл өнеріне баулу. Сол арқылы тәрбиелеп, біздің еліміздің нағыз патриотты жастарды тәрбиелеуге бағышталған шара. Осы үрдіс әрі қарай жалғасын тапса деген ойымыз бар.  О шіркін, ай сайын осы жерге халық жиналып, күй тыңдайтын болса, одан артық бізге қандай бақыт керек, – «Күй анасы» республикалық қорының жетекшісі Төлеген Қуанышев.

Өзгелердің жаңалығы