Елорда құтқарушылары көлік жуу орнында болған өртті сөндірді

7 Қаңтар 2021, 12:50
1417
Бөлісу:
Елорда құтқарушылары көлік жуу орнында болған өртті сөндірді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық өрт сөндірушілер көлік жуу орындарының бірінде болған өртті сөндірді, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі.

7 қаңтарда сағат 08:52-де Нұр-Сұлтан қаласы Есенберлин көшесі, 26/1 мекенжайы бойынша автокөлік жуу орнының ішінде көліктер жанып жатқаны туралы келіп түскен шақыруға Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелерінен  9 бірлік техника мен жеке құрамнан 15 адам  шықты, - делінген хабарламада. 

Өрт сөндірушілер сағат 08:59-да келген бойда «Батыр» көлік жуу орнының екі қабатты ғимаратында көліктер жанып жатқаны анықталды. Алдын ала болжам бойынша 13 жеңіл автокөлік зардап шекті. 

жуу1.jpeg

Өртті сөндіру автокөлік жуу орны автокөліктермен тығыз толтырылғандықтан  біраз қиынға соқты, бірақ өрт сөндірушілердің жедел және іс-қимылдарының арқасында өрт 10 сағат 21 минут ішінде ауыздықталып, 10 сағат 53 минут ішінде толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. 

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД азаматтарға, ТҚС және басқа да кәсіпорындардың иелеріне қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, тұрмыстық техниканы, элетрқұралдарды пайдалану жөніндегі нұсқаулықты сақтауға, электр сымдарының оқшаулағышы зақымдалған аспаптарды пайдаланбауға кеңес береді.

Өзгелердің жаңалығы