Елордада құрылыс компаниясының жауапсыздығы тұрғындарды ашуландырды

27 Мамыр 2021, 18:39
2976
Бөлісу:
Елордада құрылыс компаниясының жауапсыздығы тұрғындарды ашуландырды
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша үй алған тұрғындарды коммуналдық мәселе мезі қылған. Олар жаңа пәтерлеріне кіргеннен бері коммуналдық қызметті төлемеген. Себебі баспана берген құрылыс компаниясы құжаттарын толық реттеп бермеген. 

Наразы жұрт компания басшылығын шақыртып, одан түсінік беруін талап етіп жатыр. Тұрғындардың айтуынша, құрылыс компаниясының өкілдеріне бірнеше рет шағымданған, ал олар болса, жауап ретінде қаржының жоқ екенін айтқан.

Елордада құрылыс компаниясының жауапсыздығы тұрғындарды ашуландырды

Құрылыс компания өкілдерінен бірнеше рет сұрап көрдік. «Неге толық өткізілмеген?» десек, «электр сымдары дұрыс емес» дейді. Түрлі-түрлі сылтаулар айтады. Біз баспанамызды алғаннан бері коммуналдық төлемді төлеген жоқпыз. Біз тек ПИК төлейміз оның өзінде видеобақылау мен домофонға ғана төледік. Су, жарық, жылуды төлемедік. Өйткені жауапты қызметке дұрыс өткізілмеген, – деді тұрғындар.

Олардың айтуынша, қаңтар айында баспана кілті қолдарына тигеннен бері бір ай өтпей жатып, кіреберіс қабырғаларында жарық пайда болып, бөлме ішіндегі батареялардан су кеткен.

Елордада құрылыс компаниясының жауапсыздығы тұрғындарды ашуландырды

Егер қазіргі жағдайымызды шешпесек, қыс айларында ауыр тиеді. Қазір жаз басталып, бәсеңдеп қалды. Бөлме, терезе іштеріне біраз жөндеу жұмыстары қажет. Бірақ ешкім қолға алғысы келмейді. Тұрғындардың көбі үй алған кезінде ПИК-ке ғана қол қойғызған. Ал құрылыс компаниясы ештеңе жасаған жоқ. Енді 5 ай бойы төленбей келген су мен жарықтың ақшасын тұрғындар төлейді деп айтып жатыр. Егер оны басқа компаниямен төлейтін болсақ, біз үшін тариф қымбатқа түседі. Біздің қорқынышымыз - осы, – дейді пәтер тұрғыны Нұрмұхамед Атаханов.

Шыңғыс Айтматов көшесінде  143 пәтер орналасқан. Тұрғындардың көбі мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алған.

Елордада құрылыс компаниясының жауапсыздығы тұрғындарды ашуландырды

Бұл арада барлық мәселе құрылыс компаниясына тіреледі. «Астанаэнергосбыт» және «Астана су арнасы» арнасымен келісімге отыра алмай отыр. Себебі «Астана су арнасы» құрылысшылары мен осы баспаналарды салған «Еңбек-Аршалы» компаниясының арасында келіспеушілік бар. Сондықтан  мәселе шешілмей келеді. Дала жарығының проблемасын, іштегі лифтінің жарығы сынды біраз жасалмаған істер бар. Бұл жерде орналасқан баспана иелері бізге кемшіліксіз тапсырған жағдайда толықтай қолға аламыз. Мұндай жағдайда халық зардап шегеді, – деді ПИК басқармасы басшысы Асан Ахметов.
Олжас АДАЙ
Өзгелердің жаңалығы