Елордада коммуналдық тариф бағасы арзандауы мүмкін

12 Қараша 2021, 15:09
736
Бөлісу:
Елордада коммуналдық тариф бағасы арзандауы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй орталығында коммуналдық тарифтер бағасын төмендету мәселесі талқыланды. 

Бұл туралы Elorda info хабарлайды.

Аталған шараға тұрғын үйге қатысты ұйымдар мен оның басшылары, «Nur Otan» партиясының мүшелері, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері және т.б. қатысты. Олар минималды тариф бағасын енгізу жайын талқылады.

Тұрғын үй орталығында көппәтерлі тұрғын үйлерді күтіп ұстау бойынша минималды тарифті бекіту бойынша алғашқы жұмыс тобының отырысы өтті. Мұнда барлық тараптардың уәждерін тыңдап, минималды тарифтерді бекіту бойынша бір шешімге келу үшін жиналды. Сосын оны мәслихатқа ұсынатын боламыз. Бұл жұмыстардың бәрі толығымен шешіледі. Қазір тұрғындар тариф бағасын төмендетуді сұрап жатыр, – деді Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының Сарыарқа ауданы инспекциясының бөлім басшысы Еркебұлан Көшкінбай.
Іс-шараға жиналғандар коммуналдық тариф бағасының қымбат екенін айтып, ағымдағы тариф тұрғындарға салмақ түсіріп жатқанын жеткізді. Осы орайда, әлем елдеріндегі тариф жүйесін сөз етіп, үйдің шаршы метріне қарап, тариф бағасын бекітуді ұсынды. Осыған байланысты мәслихат тұрғындардың жағдайын ескеру қажеттігін айтты.
Өзгелердің жаңалығы