Бұл туралы Астана қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Елордада 8 вакцинамен басқарылатын инфекция түрлері тіркелген. Олар көкжөтел, қызылша, паротит, А вирустық гепатиті, туберкулез, тұмау, көкжөтел, Covid-19. Профилактикалық іс-шаралардың арқасында тұмау және Covid-19 бойынша көрсеткіш өткен жылғыға қарағанда төмендегінін айтты маман.
Тұмау бойынша сырқаттанушылық алдыңғы жылмен салыстырғанда 22%-ға, ковид-19 9 есеге төмендеді. Ал қызылша -764, көкжөтел – 80 жағдайға, А вирусты гепатиті екі есеге дейін артты. Ағымдағы жылдың 2 айында қызылшаның 764 расталған жағдайы тіркелсе, оның ішінде 519-ы балалар арасында анықталып отыр. Олардың ішінде екпе алғандары -52 бала, екпе алмағаны – 501 баланы құрап отыр, - деді ол.
Сондай-ақ көкжөтелдің соңғы екі айда 80 жағдайы тіркеліп отыр.Оның 60%-ы 4 жасқа дейінгі балаларда кездесіп отыр. Және олардың 91%-ы вакцина алмағандар.
Осындай инфекциялық аурулардың алдын-алу үшін маман ата-аналарды уақытында вакцина салуға шақырды.