Елордада киберспорттан Қазақстан кубогі өтеді

25 Сәуір 2021, 02:28
1097
Бөлісу:
Елордада киберспорттан Қазақстан кубогі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтық сынға 14 спортшыдан құрылған 2 команда қатысады, деп хабарлайды 24.kz.

Олар 3 бағыт бойынша өзара сайысқа түседі. Биыл мұндай бәйге алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бұған дейін карантин режиміне сәйкес осындай шараны өткізу мүмкін болмады. Ал қазір барлық қатысушы ПТР-тест тапсырды. Жарыс санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай ұйымдастырылмақ. Аренаға көрермендер жіберілмейді. Алайда қалағандар бұл доданы онлайн форматта тамашалай алады.

Спорттың бұл түрі біздің елде үлкен қызығушылыққа ие. Отандық спортшылар 4-5 дисциплина бойынша әлемдік деңгейде өнер көрсетіп жатыр. Былтыр жазғы турнирге 10 мың адам қатысқан. Кейін барлық жарысты тек онлайн форматта өткізуге тура келді. Енді біз жауапты органдардың рұқсатын алып, осындай шара өткізбекшіміз. Турнирдің сыйақы қоры 1 жарым миллион теңгені құрайды, – дейді Qazaq Cybersport Federation вице-президенті Евгений Богатырёв.


Өзгелердің жаңалығы