Елордада карантиндік шаралар енгізу туралы жаңа қаулы дайындалып жатыр

14 Қаңтар 2021, 21:50
1442
Бөлісу:
Елордада карантиндік шаралар енгізу туралы жаңа қаулы дайындалып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда «сары» мен «қызыл» аймақтардың түйіскен тұсына келді. Қазіргі уақытта «қызыл» аймаққа өтіп кетудің алдында тұр. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді. Соңғы күндері COVID-19 инфекциясын жұқтырушылар саны 100 адамнан асып жығылатыны белгілі.

Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 
Бірінші кезекте, бұл тәулігіне тапсырылатын тест санының артуымен байланысты. Егер бұрын 2-2,5 мың адам тапсырса, қазір тәулігіне 4,5 мыңға дейін жетеді. Сонымен қатар Жаңа жылдық мерекелерден кейін инкубациялық кезең өтеді. Яғни, санитарлық нормаларды елемеген адамдар бар. Енді бағытты түзеп, коронавирустың таралуын азайту керек. Бұған бізге карантиндік шектеу шаралары айтарлықтай көмектеседі. Қазір қосымша карантиндік шаралар енгізу туралы жаңа қаулы дайындап жатырмыз. Бұл қаланың әртүрлі аудандарында коронавирустың таралу ошақтарын оқшаулауға көмектеседі, - деді қаланың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова. 

Қаланың санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова санитарлық нормаларды қатаң сақтау қажеттігін, осы ғана бүкіл ағзаның жұмысына теріс әсер ететін ауруға қарсы панацея болып саналатынын атап өтті. 

Коронавирус адамның ең әлсіз мүшелеріне әсер етеді. Бұл әсіресе артерияларда, тамырларда және өкпеде қан ұйығыштардың (тормб) пайда болуына әкеледі. Сондықтан өз денсаулығыңызды да, жақындарыңыз бен айналаңыздағы адамдардың денсаулығын да ойлау керек, — деді қаланың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова.

Өзгелердің жаңалығы