Елордада карантин талабын бұзған тұрғынға ірі көлемде айыппұл салынды

29 Маусым 2021, 06:29
2877
Бөлісу:
Елордада карантин талабын бұзған тұрғынға ірі көлемде айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ashyq» жүйесіндегі статусы «қызыл» бола тұра дәмханаға барған елорда тұрғынына айыппұл салынды, деп хабарлайды Atameken Business.

Карантин талабын сақтамайтындарға заң бойынша 30 айлық есептік көрсеткіш түрінде жаза қарастырылған. Бұл дегеніміз 87 мың  510 теңге.

Жалпы, Нұр-Сұлтан қаласында жыл басталғалы үй карантинін бұзған 4 мың 39 тұрғын анықталған. Олардың көбі «Ashyq-тағы» мәртебесі «қызыл» немесе «сары» екенін білсе де, қоғамдық орындарға барған.

Санитарлық- эпидемиологиялық бақылау департаменті ПТР анализі оң және «сары» мәртебесі бар астана тұрғындарын 14 күндік карантинді қатаң сақтауды ескертеді.


Өзгелердің жаңалығы