Көпбалалы отбасылардың әлеуметтік картасын қалыптастыру шаралары қаралды

15 Сәуір 2019, 22:05
2300
Бөлісу:
Көпбалалы отбасылардың әлеуметтік картасын қалыптастыру шаралары қаралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі таңда тізімге Нұр-Сұлтан қаласында тұратын 10,7 мыңнан астам отбасы кірді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

Бүгін қала әкімі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен қалалық әкімдіктің кезекті отырысы өтті, онда елорданың тыныс-тіршілігі мәселелері талқыланды.  Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – «Көпбалалы отбасылар базасын құру». Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрова баяндады. Оның айтуынша, әлеуметтік картаның дерек базасында 10754 көпбалалы отбасы туралы мәлімет бар. Олардың 85 пайызы – төрт бала тәрбиеленіп жатқан отбасылар, 15 пайызы – бес және одан көп бала тәрбиеленіп жатқан  отбасылар.

«Мектеп қызметкерлері көпбалалы отбасылардың тізімін жаңартуда. Деректерді қалпына келтіру және жүйені толтыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Үйдің жағдайы туралы мәлімет жинауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша іске қосылды. Ол үйдің бейнесін және оның орналасқан жерін көрсетеді. Астаналық емханалардың мамандары оқытылды. Қазір учаскелік дәрігерлер базаны толтыруда», – деді Бектұрова.

Қазіргі уақытта 5,189 бала балабақшаға кезекте тұр. Сонымен қатар, 722 бала балабақшаларға жолдама алды. 1500-ден астам оқушы мектептер мен оқушылар сарайлары жанындағы үйірмелерге баруда. Тағы да 3 мың оқушыға жалпыға міндетті оқу қоры аясында көмек көрсетіліп жатыр.

«Мектептерде көпбалалы отбасылардың балалары арнайы бақылауға алынды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады»,  – деді Бектұрова
Өзгелердің жаңалығы