Елордада көпбалалы аналар үшін қандай жеңілдіктер қарастырылған

15 Қаңтар 2020, 22:50
2743
Бөлісу:
Елордада көпбалалы аналар үшін қандай жеңілдіктер қарастырылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордамыздағы ойын-сауық орындары мен мәдениет ошақтарында, спорт кешендеріндегі көпбалалы аналар үшін арнайы жеңілдіктер қарастырылған. Бұл жеңілдіктер үшін көпбалалы ана екенін растайтын көк кітапша болса жеткілікті, деп жазады aikyn.kz.

ҚР Ұлттық музейі – көпбалалы аналар мен 6 жасқа дейінгі балалар үшін тегін. Мектеп оқушыларына тоқсандық демалыс кезінде тегін;

Оқушылар сарайы – көпбалалы отбасының баласы үшін екінші үйірме тегін;

Орыс драма театрында – көпбалалы отбасының балалрына билетке   50% жеңілдік;

Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық саябақ – екі апта бір рет аттракциондарды тегін пайдалану мүмкіндігі бар;

Қуыршақ театры (Республика көшесі, 3) – көпбалалы отбасының балалары үшін билетке 50% жеңілдік;

Нұр-Сұлтандағы аула клубтары – көпбалалы, тұрмысы төмен, толық емес отбасының балалары үшін тегін;

"Сарыарқа" фитнес орталығы (Қабанбай батыр, 45А) – көпбалалы отбасының балалары үшін тегін, анасына бір реттік кіру құнына 50% жеңілдік, аптаның жұмыс күндері сағат 07:00-17:00 арасында;

Chaplin кионтеатры – көпбалалы аналарға билет құнына 50% жеңілдік. Ал 5 жасқа дейінгі балалар тегін кіреді;

МЕGA-дағы мұзайдын – жұмыс күндері көпбалалы отбасының балалары тегін сырғанайды;  

"АЛАУ" мұз сарайы – көпбалалы отбасылардың балалары тегін кіреді. Тек конькиді жалға алу құнын ғана төлейді. Өз конькиімен кіруге рұқсат.  

AILAND аквапаркі, океанариум, "Джунгли", шолу дөңгелегі – көпбалалы отбасының барлық мүшесі үшін 50% жеңілдікке ие. 6 жасқа дейінгі балаларға тегін. Акция сейсенбі күні ғана күшінде;

"Бәйтерек" монументі – көпбалалы аналар мен 5 жасқа дейінгі балаларға үшін тегін;

"ЭКСПО" "Нұр Әлем" павильоны – көпбалалы аналар мен 6 жасқа дейінгі балалар үшін тегін;

Kidburg (Абу-Даби плазада орналасқан) – көпбалалы отбасылар үшін   30% жеңілдік;

Mega Silk Way сауда және ойын-сауық орталығы аумағында орналасқан ойын алаңдарында мынадай жеңілдіктер бар:

Happylon – балалар үшін 50%;

KANGO – балалар үшін 50%;

LEGO education – балалар үшін 50%;

Evrikum – балалар үшін 50%;

Mini City – балалар үшін 20%;

Өзгелердің жаңалығы