Елордада көктемгі ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтеді

3 Наурыз 2020, 15:04
1267
Бөлісу:
Елордада көктемгі ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ,KZ. 7, 8 наурыз күндері "Аспар базар" сауда үйінде өңірлік ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкелері өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.


Жәрмеңкеде тауарлар республиканың Қарағанды, Ақмола және Павлодар облыстарының өндірушілерінің бағалары бойынша ұсынылады. Атап айтсақ, картоп, пияз, сәбізді - 85 теңгеге, қырыққабатты - 100 теңгеге, сиыр етін - 1700-1800 теңгеге сатып алуға мүмкіндік бар.

Жәрмеңке наурыз-сәуір айларының соңына дейін аптаның әр сенбі, жексенбі күндері өтеді. Қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады: 556978, 556899.

Өзгелердің жаңалығы